• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №354 

404 рет
көрсетілді

2015 жылғы 16 қараша, Астана қаласы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 35-бабының 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтың актілерінің эталонда бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №354 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары 1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергiлiктi бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды: 2. Залалдарды өтеуге бюджеттік субсидиялар республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлінеді және залалдарды пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады: 1) мемлекеттік театрларға, цирктерге, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарына тұрғындар үшiн театрлық, цирктік, мәдени-демалыс іс-шараларын, республика тұрғындарының барлық топтарына концерттік іс-шаралардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға; 2) мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есебін, қалыптастырылуын және қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады. 4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидияларды төлеу, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды. 5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттiк субсидиялар төлеу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебінен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді. 6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бюджетті атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күні iшiнде мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi. 7. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады. 8. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне: 1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер жоспары және шығыстар жоспары бекiтiлген есебiн; 2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың залалдарын жабу есептерiн бередi. 9. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi. Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 1-қосымша Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері Р/с № республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %) ұйымдар атауы 1 3 2 1 90 % «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КАҚ 2 85 % «Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры» РМҚК 3 85 % «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры» РМҚК 4 80 % «М.Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» РМҚК 5 85 % «Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК 6 90 % «Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК 7 95 % «Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры» РМҚК 8 95 % «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК 9 95 % «Республикалық немiс драма театры» РМҚК 10 90 % «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттiк би ансамблi» РМҚК 11 95 % «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры» РМҚК 12 90 % «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы» РМҚК 13 90 % «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК 14 95 % «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» РМҚК 15 95 % «Ақ жауын» мемлекеттiк камералық оркестрi» РМҚК 16 90 % «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы» РМҚК 18 90 % «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер мұражайы» РМҚК 19 92 % «Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК 20 98 % «Республикалық кiтап мұражайы» РМҚК 21 98 % «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК 22 98 % «Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК 23 98 % «Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК 24 90 % «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК 25 95 % «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК 26 80 % «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК 27 95 % «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» РМҚК 28 95 % «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК 29 97 % «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК 30 90 % «Қазақстан Республикасы Ұлттық -мұражайы» РМҚК Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: КАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 2-қосымша нысан __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiс жоспары Р/с № спектакльдердiң, концерттердiң саны (дана) көрермендердiң саны (мың адам) кiрiстер (мың теңге) ескертпе билет сатудан жалға беруден өзге де 1 2 3 4 5 6 7 Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 3-қосымша нысан ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы шығыс жоспары мың теңге Р/с № көрсеткiштердiң атауы сомасы ескертпе 1 2 3 4 Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 4-қосымша нысан __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20___жылғы ____ айына залалдарын жабу есебi мың теңге Р/с № Өткізілетін қызметтердiң құны Меншiктi кiрiстердiң сомасы Субсидиялардың сомасы 1 2 3 4 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12608 болып енгізілді.